Ақтөбедегі "Нұр-ғасыр" мешітінде блогер Эммануэлла Наурызбаеваға "уақытша неке қиюды" ұсынған еркекке қатысты сот шешімі шықты деп жазады Democrat.kz.
Бұл туралы блогердің өзі хабарлады. "Маған тиісіп, уақытша неке ұсынған еркекке қатысты 29 шілде күні сот отырысы өтіп, ол адамның бұған дейін де қылмыстық іс бойынша түрмеде отырып шыққаны мәлім болды.
Дәл менікіндей шағыммен биылғы қаңтар айында осы еркекке қатысты басқа арызданған адамдар да бар екен.
Қазіргі кезде еркек 5 тәуліктік қамауға алынды. Ол босап шыққан соң, оның денсаулығына қатысты сараптама жұмысы жүргізіліп, тексеріледі. Егер расымен жүйке жүйесінде ауытқу болса, ауруханаға жатқызылады.
Ал егер оның денсаулығына қатысты көрсеткен анықтамасы жалған болса, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады" деді Эммануээла Наурызбаева.
Өкінішке қарай, блогердің бұл видеосына қатысты да "сен арандатушысың", "дінімізде бір мұсылман басқа мұсылманның айыбын ашпауы керек", "видеоны неге интернетке жарияладың, неге?" деп тулап, тілдеп жатқандар аз емес.
Сонымен қатар "исламның шынайы бет-бейнесін аштың", "сені қолдаймыз", "саған Алла разы болсын, дұрыс жасадың!" десіп жатқан кісі де көп.