Қазақстан арнасына берген сұхбатында Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер үшін жақсы жаңалығымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
Естеріңізде болса, бұған дейін сынып жетекшісі әрбір оқушының мектеп ішінде және сыртындағы әрбір әрекеті үшін тікелей жауапты еді.
Осыған байланысты министр Жұлдыз Сүлейменова: "Педагог туралы" заңға өзгерту енгізу туралы бастама көтерілді. Ендігі жерде бала үшін тек қана мұғалім емес, ата-аналарының да жауапкершілігі күшейтілетін болады.
Мектептен тыс жердегі баланың әрекеті үшін мұғалім ғана емес, енді ата-ана да жауапкершілік арқалайтын болады" деді.