Мөлдір Әуелбекова маңызды мәлімдеме жасады

Мөлдір Әуелбекова маңызды мәлімдеме жасады

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты жазба жариялады деп жазады Democrat.kz. сайты  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

 

Өнер иесі тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтты. 

“Ғажайып кештен естелік! Осы кеште, Айман Нұразхан әпкеме қарап отырып, әдемі шешімге келдім: “Енді тұрмыс құрмаймын! Екі балам да өсіп қалды!", – деп жазды ол.

 Одан кейін қызының өнер адамы болуына қарсы екенін жеткізді. 

"Ақ қызым “әнші боламын” дейді. О бастан қарсы болғанмын. Бірақ, уақыт өте келе дауысын естіген сайын, харизмасы мен талантын сезген сайын көніп жатырмын. Себебі қабілеті менен 1000 есе артық! Менімен қалмай жұмысқа барады", – дейді әнші.

Барлық жаңалықтар