Әлеуметтік желіде әріптесінің шарасыз халі туралы айтқан мұғалімнің видеосы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
«Бүйткен мұғалімдігі құрысын. Өзім мұғаліммін, әріптесім сабақ кезінде бір бала шулап қоймаған соң, қолындағы борын лақтырған. Құлағына тиген. Сөйтіп ол жылап, мамасына хабарласқан. Мамасына да сөз ұқпайтын біреу екен.
Балаларды ұру керек керісінше. Қазіргі балаларды бағындыру өте қиын. Жек көргеннен ұрмайсың ғой. Шамалы мұғалімнен қорқуы керек қой. Не ата анаға сөзің өтпейді, не балаға сөзің өтпейді. Мұғалім болғың келмейді мүлде. Әттең...
Полиция шақырып, ана жерді ажиотаж қылып жіберді. Қазір әріптесіме түсініктеме жазғызып жатыр. Байғұс жұмыстан шығарайын деп жатыр, байғұс дірілдеп тұр», — деген мұғалім "балаларды ұрмайтын болсам, жұмыстан шығамын" деген жазбамен видео таратты. (Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз басатын арсыз сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)