ТикТок әлеуметтік желісінде хиджаб киген қыздар алған білімі бойынша мұғалім бола алмай жүргендерін, хиджабпен мектепке кіргізбейтінін айтып наразылықтарын білдіруде деп жазады Democrat.kz.
Хиджаб кигені үшін мектепте мұғалімдік қызмет атқара алмай жүрген діндар қыздың жазбасын жариялаған Арайлым атты қыз жұрт талқысына осы мәселені ұсынған екен.

Әйтсе де, бұл жазбаға қатысты "мұғалімнің хиджаб киюін қолдамаймыз", "баламзға діндар адамның сабақ бергенін қаламаймыз" деген пікірлер көптеп жазылуда.
Десек те, басқа елдердің мысалын алға тартып, "неге хиджабымызды кемсітесіңдер" деген сыңайдағы наразы пікірлер де жоқ емес.
Сіз қалай ойлайсыз? Зайырлы елде мұғалімнің діни киіммен балаға білім беруі баланың психикасына әсер ете ме? Әлде хиджабта тұрған ештеңе жоқ па?



