Threads әлеуметтік желісінде мұғалімдер өздеріне жүктелетін артық шаруаларға байланысты қызу талқылап, ортаға салды деп жазады Democrat.kz.
"Аймағамбетовтің жазбасынан кейін өз ойыммен бөліссем деп едім) Сынып жетекші болғанымда бізге тәрбие жөнінде орынбасарының берген орынсыз тапсырмалары жыл бойы жүйкемді жұқартып еді. Кейбіреуін атап айтатын болсам: жүргізген сынып сағаттар, тәрбие сағаттарды видео суретке түсіріп инстаграмдағы мектептің парақшасына салу;
сенбі күндері сенбілікке шығу(тек қана мұғалімдер болып); мектептегі іс шараларда оқушылардың алдында ән айтып, би билеп өнер көрсету;
апта сайын мектеп посттарында кезекшілік міндетін атқару; олимпиада немесе мектепке қатысы жоқ іс шараларға жұмыс уақыты аяқталған соң баруымызды талап еткендері; үлгерімі төмен және сабақтан өте көп қалған оқушылардың үйлеріне барып мән жайын анықтау(ата-анасымен бірге өздеріңді де суретке түсіруді ұмытпаймыз!-деген сөздері);
тұрмыстық жағдайы төмен оқушылардың да үйлеріне барып сурет талап еткендері; жас қыздарсыңдарғой өкшесі бар туфли киіп жүріңдер жұмыста деп жиналыс жасағандары;
оқушыларға тоқсан аяқталған соң демалыс кезінде мұғалімдер жұмысқа барады ғой сол күндерде сыныпта бос отырғанша парталарыңды жуып тазала деген сөздері тағы бар.
Бұл жазылғандар бергі жағы ғана, одан бөлек мұғаліммен мәміле жүргізе алмайтын ата-аналар да ӨТЕ көп. Қазіргі мұғалімдерге әсіресе жас мамандарға бұл салада жұмыс жасаған тиімді емес деп айтар едім. Нервтік тиктеріңізді сақтаңыздар" деген мұғалімнің жазбасына қатысты әріптестері өз ойларын ортаға салды.




