Әлеуметтік желіде салафиттермен талай жыл бірге өмір сүргенін, екі салафит еркекке әйел болғанын айтып танымал болған белсенді тиктокер Рания Мұхамеджан бірнеше күннен бері қоғамда талқыланып жатқан мәселеге діни жақтан пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.
Естеріңізге салып өтейік, "КешьЮ" тобының мерейтойлық концертіне қатыспайтынын мәлімдеген Мөлдір Әуелбекова мен продюсері Баян Алагөзованың арасында дау туындап, қызу талқыға түскен болатын.
"Моля, не нервируй меня!" Деп жазылған футболкадан кейін қоғамның пікірі екіге жарылды. Бір тарап Мөлдірді кінәласа, қарсы тарап Баянды кінәлап, буллинг жасап жатыр деп дабыл қақты.
Әлеуметтік желіде жазылған пікірлерге қарап, Мөлдір Әуелбекованы қолдаушылардың 70-80 пайыз діншіл кісілер екенін байқау қиын емес. "Орамалда арын сақтап, намазын оқып жүрген Мөлдір" деп шулаған жұрт таяуда ғана дүмшелер туралы ащы шындықты айтқан Баян Алагөзованы тілдеп, "сотқа беру керек!"деп байбалам салуда.
Десек те, діншіл қауымның ішінде Рания Мұхамеджан әнші Мөлдір Әуелбекованың әрекеттеріне қатысты: "Мөлдір Әуелбекова иманды, ибалы қыз болса, өзін танытқан Баянға бұлай жасамас еді.
"КешьЮ"ға дейін Мөлдір кім еді?! Тараздың ешкім танымайтын біреуі еді. Баян Алагөзованың арқасында оны таныдық.
"Не снимай" деп тұрған видеосы... Егер видеоға түсіру "грех" болса, онда Мөлдірге Шариғат бойынша Сәкен Майғазиев те, Мейрамбек Беспаев та, Кенжебек те махрам емес. Мейрамбек мың жерден жерлесі болса да, ол туған ағасы, әкесі емес, махрам емес. Студиядағы еркектің ешбірі оған махрам емес. Неғып жүр ол беймахрам еркектің ортасында?" Деп өзіне әлеуметтік желіде пікірмен шабуыл жасаушыларға ескерту жасады.
"Мөлдір Әуелбекова туралы, шариғат, махрам туралы айтып едім, оны жақтаушылары бірден "қой, ол туралы айта бермейік"деп шыға келді. Мөлдір деген зинақорды пір тұтып бастарына, нәпсілерін жеңе алмай жатыр.
Мөлдірдің МузАрт тобының ішінде жүргенін айттым. Махрам емес еркектердің ортасында,шариғатта, өтірік хиджаб киіп алып мұнафиқтардың бөтен еркетер арасында өлең айтуы дұрыс емес.
Осыны айтып едім, нәпсілері көтермей қалды ғой. Мойындасаңдаршы, шариғатта күнә ғой!? Тәпішкелеріңнен секірмесеңдерші", деді Рания Мұхамеджан.