"Назарбаевқа 1 млн$ жинаған": З.Нұрқаділовтің ұлы ел білмейтін жағдайды жайып салды

"Назарбаевқа 1 млн$ жинаған": З.Нұрқаділовтің ұлы ел білмейтін жағдайды жайып салды

Марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың ұлы әкесінің мәрттігін еске алды деп жазады Democrat.kz.

Заманбек Нұрқаділовтың ұлы Қайрат әкесінің азаматтық ұстанымы мен мәрт мінезін еске алып, әсерлі оқиғаны баяндады.

Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың 60 жасқа толған мерейтойына облыс әкімдері 1 млн доллардан жинаған кезде, Заманбек Нұрқаділов ақша емес, Жоңғарлар мен қазақтар соғысының соңғы көрінісін бейнелейтін үлкен портрет сыйлаған.

«Мен әкемнен: “Неге сіз де ақшалай бермейсіз, портретке ренжіп қалмай ма?” – деп сұрадым. Сонда ол: “Егер мен ақша бергім келсе, аудан әкімдері мен кәсіпкерлерді қысып, олардан жинауым керек еді. Бірақ ондайды жасай алмаймын” деді ол. Қазір ойласам, әкем нағыз мәрт адам екен», – деді Қайрат Нұрқаділов.

Барлық жаңалықтар