Әлеуметтік желіде мектептегі кезекті бір іс шара барысында омақаса құлаған мұғалімді жұрт қызу талқылап жатыр деп жазады Democrat.kz.
Мектепте өтіп жатқан іс шарада әлденеге кетіп бара жатқан болса керек, мұғалім сүрініп кетіп, омақаса құлады.
Жетектесіп бара жатқан бастауыш оқушылары құлап жатқан апайға үрке қарап қалысты.
Әлеуметтік желіде мұғалімнің бұлай құлауына қатысты түрлі пікір білдірушілер бар. Бір тарап "күлетін нәрсе емес" десе, енді бір тарап "күлейін деп күлмедім" деуде.


