Әнші Шахизаданың жеке өміріне қатысты айтқан сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Өнер иесі өзінен 18 жас кіші Ерболат есімді әншіге көңілі ауғанын жасырмай айтты, деп жазады Democrat.kz.
Шахизаданың сөзінше, екеуі бұрыннан таныс болып, алғашында әпке-бауыр ретінде араласқан. Алайда уақыт өте қарым-қатынас басқа арнаға бұрылған.
«Ерболат көптен сахнада жүрген әнші. Әпке-бауыр болып араласып жүрдік. Жүрегінің бірдеңесі “шым” ете қалды, мен не істеймін енді? Негізі арамыз — 18 жас. Махаббат жас таңдамайды, жүрекке әмір жүрмейді деген бекер айтылмаған», — деді әнші.
Шахизада адамның сезіміне жас айырмашылығы кедергі болмауы керек деп есептейтінін де жеткізген.
«Жақсы көретін адам болса, түсіністікпен қарау керек. Әрине, ішім жылайды. Оны ән арқылы шығарамын», — дейді ол.
Әншінің соңғы сөзі бұл сезімнің соңы бақытты қарым-қатынасқа ұласпағанын аңғартқандай. Алайда Шахизада келтірілген үзіндіде Ерболатпен қазіргі қарым-қатынасының нақты қандай жағдайда екенін ашып айтпаған.