Белгілі заңгер Ләззат Рақышева өзіне келген сұмдыққа толы хаттардың бірін жариялады деп жазады Democrat.kz.
Бұл жолғы хат та әдеттегідей өз жақындарынан зорлыққа ұшыраған қыздың жан айқайы. Алайда бұл қыз кішкентайында әкесінің, ағаларының зорлықтарынан жапа шексе, есейіп, тұрмыс құрғанда, күйеуінің тепкісіне ұшыраған екен. Назарларыңызға тек грамматикалық қателерін өңдеп, ұсынып отырмыз.
"Мен 2-сынып па, әлде одан да кішкентай кезімде нақты есімде жоқ туғарнәкем ішіп келіп мені подвалға кіргізіп зорлаған, білмеймін астыма қатты нарсесін кіргізгенде қыздығым алынып қалды ма әлде жоқ па ол жағын білмеймін.
Содан күндер өткеннен кейін туған ағам алдап зорлады ойыншық беремін деп.Содан екеуі кезек кезек зорлаған көп зорлағандары есімнен шығып кеткен мүмкін бала болғаным үшін шығар.
Қазір әкем 60-қа келді. Қазір өзім 33-ке келдім солардан қашып 16-жасымда түрмысқа шықтым.
Жолдасым қыз болмай шықтың деп 15-жыл ұрып қорлап келді. Ойланамын да менің кінәм жоқ қой мен қалаған жоқпын ғой деп. Жолдасым қаншама рет ұрып "мойында кім алған қыздығынды" деп қорлап келді.
Айта алмадым әкем мен ағам алған деп.Сол кездегі зорлағандары есіме түсіп кетсе күнімен жылап жүремін амалым жоқ шыдаймын.
4-перзентім бар, жолдасым осы бір жылдың төңірегінде "қыздығыңды кім алды" деп сұрағанды қойды"...