Марқұм Шерзаттың өлімінен кейін әлеумттік желіде "Қарабет" деген өлеңі таралып, елге танылған ақын Ербол Бықыбаевтың желіде боғауызға толы жазбалары тарап, жұрт жағасын ұстауда деп жазады Democrat.kz.
Даудың басы танымал актер Нұрболхан Шараповтың бір жазбаға жазған пікірінен кейін басталған. Мәселе туралы Нұрболхан Шарапов өзінің Threads парақшасында: "Мынандай ауру ақындарың бар ма едi? Ақын екенсiң, бұтағыма жақын екенсiң деген сөз өз егесiн тапты ма? "Человек в маскенiң" астын лаңдап жатыр мынау, кiрiп көре аласыздар ақындарыңыздың өнерiн. Или, әркiмге өлең шығарғанына "сын мықтысың" деген сөздерге семiрiп кеткен ба? Мынау өнерде 10 жыл жүрсе қыратын сияқты ғой бәрiмiздi", - деп жазып, жазба скриндарын жариялады.

Актер жариялаған скриндарда ақынның түрлі боғауыз сөзді бұрқырата жазғанын көруге болады. Әлеуметтік желі қолданушылар Ербол Бықыбаевтың мынадай әдепсіз сөздеріне жаға ұстап, таңғалып, өз пікірлерін білдіруде.
Өз кезегінде ақын жігіт парақшасында Нұрболхан Шарапов өзі бірінші килікенін айтып, тағы да келеке жазба жариялады.
