2026 жылы Корпорация өзіне қатысы бар өңірлердегі көгалдандыру жобаларына 200 млн теңгеден астам қаражат бөлді деп хабарлайды Democrat.kz.
«Қазақмыс» корпорациясы өз қызметін жүзеге асыратын өңірлерде көгалдандыруға және жасыл инфрақұрылымды дамытуға бағытталған экологиялық жобаларды іске асыруды жалғастыруда.

2026 жылы республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында компания осы мақсатқа өз қаражаты есебінен 200 млн теңгеден астам қаржы бағыттады.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде тоғыз елді мекенде 8 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды. Экологиялық іс-шаралар Жезқазған, Қарағанды, Балқаш қалаларын, сондай-ақ Саяқ, Қарағайлы, Шешенқара, Баймырза, Бірлік және Бірлік-Үстем елді мекендерін қамтыды.
Жобаларды іске асыру барысында көгалдандырылған аумақтардың көлемін ұлғайтумен қатар, отырғызылған ағаштарды күтіп-баптауға да ерекше көңіл бөлінуде. Ағаш егілген аумақтарда тамшылатып суару жүйесі орнатылды. Бұл су ресурстарын тиімді пайдалануға, ағаштарды тұрақты суаруға және олардың жерсініп, жақсы өсуіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Жасыл аймақтарды дамыту елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсартуға, ауадағы шаң-тозаң мөлшерін азайтуға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді. Ал суару жүйелерін пайдалану отырғызылған ағаштардың тиісті күтіммен қамтамасыз етілуіне және жұмсалған қаражаттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Көгалдандыру жұмысы – Қазақмыстың экологиялық саясатының маңызды практикалық бағыттарының бірі. Бұл бастама 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының мақсатына сай келеді.