Қазақстанда екі медеплавильный завод салынуы мүмкін: Экономист жобаны кім қаржыландыруы керектігін түсіндірді

Қазақстанда екі медеплавильный завод салынуы мүмкін: Экономист жобаны кім қаржыландыруы керектігін түсіндірді

Қазақстанда жылына толық 600 мың тонна катодты мыс өндіретін екі жаңа медеплавильный завод салу мәселесі белсенді талқыланып жатыр. Белгілі отандық экономист Айдархан Құсаинов бұл жобаларды кім қаржыландыруы керектігін және шетелдік өңдеушілердің арзандатылған бағасы неге елдің стратегиялық мүддесіне кедергі болмауы тиіс екенін талдап берді, деп хабарлайды Democrat.kz.

Экономистке желідегі оқырманы елімізде жылына 300 мың тоннадан мыс өндіретін екі ірі өндіріс орны жоспарланып жатқанын хабарлаған. Ашық дереккөздерді тексерген сарапшы бұл бағытта қозғалыс бар екенін растады. Оның сөзіне қарағанда, қазір басты мәселе жобаның шығынын кім көтеретінінде және осы өңдеу кезеңіндегі бағаның қалай белгіленетінінде болып отыр.

Айдархан Құсаинов Қытайда мыс өңдеу бағасы уақытша нөлдік тарифке дейін түсетінін алға тартқан пікірлерге жауап берді. Оның айтуынша, бұл көрсеткішті біздің елдегі баға белгілеуге негіз етіп алуға болмайды.

Себебі концентратты өңдеу кезінде негізгі металдан бөлек басқа да көптеген қосымша шикізат бөлінеді. Соның салдарынан шетелдік компаниялар негізгі металды өңдеуді тегін деп көрсетіп, қалған бағалы қоспаларды өзіне қалдырады. Экономист бұл тегін қызмет емес, жасырын келісім екенін жеткізді.

Сондай-ақ сарапшы уақытша споттық бағаларға сенуге болмайтынын атап өтті. Мұндай құбылмалы нарық инвестиция жоспарлауға кедергі келтіреді және ұзақ мерзімді кезеңде тиімсіз болып шығады. Оның сөзіне қарағанда, тасымал шығынын да ескерген жөн. Себебі шикізат түріндегі концентратты тасу дайын металды тасымалдаудан әлдеқайда қымбатқа түседі.

Айдархан Құсаинов Қазақстан шетелдік бәсекелестердің арзандатылған бағаларына емес, өзінің ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына сүйенуі тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, металлургия өнеркәсібі экономиканың маңызды тиегі саналады. Шикізат пен сирек металдар барымен мақтанғанмен, егер оны өзіміз терең өңдей алмасақ, бұл өзге елдерге қызмет көрсету болып қала береді.

Экономист бұл жобаны мұнай өңдеу зауыттарымен салыстырып, олардың айырмашылығын түсіндірді. Мұнай зауыттары ішкі арзан нарыққа жұмыс істейтіндіктен, мұнайшылардың есебінен субсидияланады. Ал металл да, концентрат та әлемдік нарықта халықаралық бағамен экспортқа сатылады. Сондықтан мұнда мемлекеттік реттеу арқылы дұрыс тариф қойып, нарықтағы олқылықтарды жоюға мүмкіндік бар.

Айдархан Құсаинов бұл инфрақұрылымды жеке бизнес қаржыландыруы тиіс деп есептейді. Жобаға шикізат өндірушілер, металды тұтынушылар немесе металлургия компаниялары инвестиция салуы мүмкін. Тек мемлекет тарапынан өңдеуге адекватты әрі әділ тариф бекітілуі қажет. Сарапшы кезінде энергетика саласында тарифтерді қолдан ұстап, кейін оның зардабын қымбат өтегенімізді, содан сабақ алу керектігін ескертті.

Барлық жаңалықтар