Қазақстанда Энергетика нысандарын дрондардан қорғайтын жасанды интеллект енгізілмек

Қазақстанда Энергетика нысандарын дрондардан қорғайтын жасанды интеллект енгізілмек

Қазақстан электр станциялары мен басқа да энергетикалық нысандарды дрондардан және кибершабуылдардан қорғауға жасанды интеллект қолданбақ. Энергетика саласында қазірдің өзінде 45 AI-жоба әзірленіп жатыр, деп жазады Democrat.kz.

Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Жасанды интеллект энергетикалық инфрақұрылымды екі бағытта қорғауға пайдаланылмақ.

Біріншісі — киберқауіпсіздік. Жүйе ақпараттық желілердегі күмәнді әрекеттерді анықтап, ықтимал шабуылды ертерек байқауға көмектеседі. 

Екінші бағыт — энергетикалық объектілердің физикалық қауіпсіздігі.

AI негізіндегі жүйелер бөгде ұшқышсыз аппараттарды автоматты түрде анықтап, олардың бағытын бағалап, қауіп болған жағдайда қарсы әрекет ету жүйесіне ақпарат береді.

Министрлік энергетика саласында жасанды интеллектіні пайдалану бойынша барлығы 45 жобадан тұратын портфель қалыптасқанын хабарлады.

Жобалар қауіпсіздікпен ғана шектелмейді. AI электр желілеріндегі ақауды болжау, жабдықтың тозуын анықтау және энергия тұтынуын оңтайландыру үшін де қолданылмақ.

Барлық жаңалықтар