Қазақстандықтардың жан басына шаққандағы орташа номиналды табысы айына 263 691 теңгеге жеткен. Бір жылдағы өсім 11,2 пайыз болғанымен, инфляцияны есептегенде халықтың нақты табысы небәрі 0,7 пайызға артқан, деп жазады Democrat.kz.
Ұлттық статистика бюросының екінші тоқсан бойынша дерегіне сәйкес, сәуір–маусым аралығында жан басына шаққандағы орташа табыс 263 691 теңгені құрады.
Бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда номиналды өсім 11,2 пайыз болған. Бірақ осы кезеңдегі инфляция 10,4 пайызға жеткендіктен, нақты өсім тек 0,7 пайыз болды.
Өңірлер арасындағы айырмашылық өте үлкен.
Ең жоғары көрсеткіш Алматыда — бір адамға айына 427 584 теңге.
Астанада бұл көрсеткіш 365 451 теңге, Ұлытау облысында 313 488 теңге болды.
Ал Түркістан облысында жан басына шаққандағы орташа табыс небәрі 152 711 теңге.
Осылайша Алматы тұрғынының статистикалық орташа табысы Түркістан облысындағы көрсеткіштен шамамен 2,8 есе жоғары.
Номиналды табыс инфляциядан жылдам өскен жетекші өңірлердің қатарында Алматы мен Шығыс Қазақстан облысы бар.