Қазақстандықтар ипотека мен автонесиені аз ала бастады

Қазақстандықтар ипотека мен автонесиені аз ала бастады

Қазақстанда тұрғын үй мен автокөлікті несиеге сатып алу айтарлықтай баяулады. Тамызда жаңа ипотека көлемі бір жыл бұрынғыдан 16,4 пайызға, ал автонесие беру 17,1 пайызға төмендеді, деп жазады Democrat.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тамыз айындағы шолуына сәйкес, банктер бір айда халыққа жалпы 1,69 трлн теңгенің жаңа несиесін берген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 5,7 пайызға аз. 

Ипотекадағы төмендеу одан да айқын. Тамызда қазақстандықтарға 240 млрд теңгенің тұрғын үй несиесі берілді. Бір жыл ішінде жаңа ипотеканың көлемі 16,4 пайызға қысқарған.

Автонесие беру де 17,1 пайызға төмендеді. Тұтынушылық мақсаттағы жаңа қарыздар 1,398 трлн теңгені құрады.

Бұған несие құнының өсуі әсер етіп отыр. Халыққа теңгемен берілетін қарыздардың орташа мөлшерлемесі шілдедегі 20,3 пайыздан тамызда 20,6 пайызға көтерілді. Ипотеканың орташа мөлшерлемесі 10,7 пайызға жеткен.

Соған қарамастан бұрын берілген несиелер есебінен халықтың жалпы қарызы әлі өсіп келеді. Тамыз соңында жеке тұлғалардың кредиттік портфелі 26,469 трлн теңгеге жетті. Оның 17,639 трлн теңгесі тұтынушылық, 7,75 трлн теңгесі ипотекалық қарыздарға тиесілі. 

Барлық жаңалықтар