ТикТок әлеуметтік желісінде қазақ қыздарына қатысты мәлімдеме жасаған жігіт жұрттың ренішін оятты деп жазады Democrat.kz.
"Қазақ қыздарының 90 пайызы қатын болуға, отбасын құруға мүлде жарамайды. Олар тек байға понт үшін тиіп, инстаграм үшін ғана күйеуге шығады. Мысалы, жігіт кафеде, кинода лох, тряпка болып тізерлеп отырып сөз салады. Сосын 500 мың адамға той жасайды. Одан кейін Дубайда "бал айын" өткізеді. Мешітке барып, хиджаб киіп суретке олай да былай түседі.
Сосын осы суреттерді инстаграмға салады. "міне, мені көріңдер" деп мақтанады. Осыдан кейін шын өмірі басталып, енесі "әй келін, шай қой" десе, "енем маған күн бермейді" дейді. Күйеуі тамақ жасап, кір жу десе, "мен саған служанка емеспін, сен абьюзерсің" деп ажырасып кетеді, болды" деген тиктокер "егер қыздар осындай ұсыныс жасаса, "пшлнх" деп тастап кет" деп еркектерге кеңес берді.