Қоғам белсендісі Димаш туралы жағымсыз сөз айтқандардың аузын жапты

Қоғам белсендісі Димаш туралы жағымсыз сөз айтқандардың аузын жапты
Қоғам белсендісі Бақыт Шабдан әнші Димаш Құдайберген туралы жағымсыз сөздер айтатындарға арнап жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
"Төрелігін өздеріңіз беріңіздер ағайын.
БАҚ пен әлеуметтік желілерде Димашты сынаған, жамандаған адамдардың айтқан сөздері құлақты шірітіп жіберді ғой. Жамандаған кімдер дейсіз ғой. Сол баяғы өзінің әріптестері.
 
Олардың бәрі танымал әншілер. Мұрат Құсайынов, Роза Рымбаева, Бақыт Шадаева сияқты атақтылары да бар. "Дауысы жоқ, құр шыңғыра береді. Қытайлықтар шыңғырғанды жақсы көреді." Осы сияқты қысыр әңгімелер.
 
Димаш тек қана Қытайда концерт беріп жүрген жоқ қой. Ой айналайындар-ау, сендерге Димаш сияқты шыңғырсаңдар кім қой деді. Жоқ әлде, шыңғырайын деп жатқан кездеріңде Димаш келіп ауыздарыңды басып қалады ма? Қалағандарыңша шыңғыра беріңдер.
 
Бірақ, Димаш сияқты шырқай алмайсыңдар. Дауыстарың жетпейді. Ауа жетпей қылғынып қаласыңдар. Диапазондарың Димаштікендей кең емес. Дауыстарың Димаштың дауысының ширегіне де жетпейді ғой.
 
Димашқа жетемін шыңғырмақшы болсаңдар, жарты жолға жетпей, өңештерің мен дөтендерің жыртылып қалады. Қой құрысын, Димашқа еліктемей-ақ қойыңдаршы. "Аттыға еремін деп, жаяудың таңы айырылады."-ның кері келіп жүрмесін. Димаштың дауысы алты октава.
 
Сендердің дауыстарың Димаштың дауысының ширегіне де жетпейді ғой. Димаш бір мезгілде үш түрлі дауыспен ән айта алады.
 
Димаштың шетелге барғанын көре алмайсыңдар. Сендер де бара беріңдер. Кім қой деп жатыр? Шетелге бармақ болғандарыңда Димаш келіп етектеріңнен тартқан жоқ қой. Димаш шетелдерге сендердің орындарыңа барып жатқан жоқ. Олар шақырады, бұл барады. Шақырса сендер де барыңдар.
 
Кейбіреулерің шетелге бардыңдар да ғой. Қай жерде сендерді халық Димаш сияқты қошаметпен күтіп алды? Бірақ, Димашты шақырған елдер сендерді шақырмайды да ғой. Ол ән салған әлемге әйгілі сахналарда ән салған жоқсыңдар. Сала да алмайсыңдар. Жарықтарым-ау,
 
Димашты қолдап, қошаметтей алмасаңдар да, артынан бықсытпай жүріңдерші. Бұған Димаштың қылшығы да қисаймайды. Бекерге халыққа жеккөрінішті болып, абыройларыңды түсіріп жүрсіңдер. Өздерің білесіңдер,
 
Димаш сендердің қолдауларыңа зар да емес қой. Димаштың ерекше дарынын бағалай білетін, қолдайтын, құрметтейтін, қошамет қылатын өзінің халқы мен шетелдік фанаттары бар.
 
Нью- Иоркте Голос мира деп жазылған электронды баннердің тұрғанына бірнеше жыл болды.
Осы жолғы Нью-Иорк барғанын бүкіл әлем көрді. Халық керемет қошамет көрсетіп, ыстық ықыласпен қарсы алды.
 
Ешкім де ұзақ жыл көрмеген ата-анасын немесе перзентін дәл осындай ынтықтықпен қарсы алмайтын шығар-ау. Нью-Иорктегі концерті біткесін Мексикада әлемдегі ең атақты сахнаның бірінде өтетін концертіне билеттер 40 минутта сатылып кетті.
 
 Димаш екінші концерт өткізетінін жариялағасын билеттер 8-ақ минутта сатылып кетті. Ал сендер бара қалсаңдар билеттерің 40 жылда да өтпейді ғой. Димаштың Нью-Иорктегі өткен концертінде 20 мыңдық аудитория лық толды. Аудитория 100 мың адамдық болса да толатын еді. Егер сендер ол жерлерге бара қалсаңдар, 200 билет сатылса да қуанып кететін шығар едіңдер-ау.
 
Димаштың шетелдерде өткен концерттерінен не жаманшылық көрдіңдер? Димаш Нью- Иоркте де, Мехикода да әлемге әйгілі, әлемнің жарық жұлдыздары ән салған сахналарда ән айтты. Қазақтың туын желбіретіп, алты тілде ән, әнұранымызды айтты. Залдағылардың бәрі де әнұранымызды Димашқа қосылып айтты.
 
Димаш әлемге елімізді, тілімізді танытып жатыр Димаш үшін қазақ тілін үйреніп жатқан шетелдіктер бар. Бізге бұдан артық не керек. Димашты шетелдіктердің қалай қарсы алғанын, әнұранымызды Димашқа қосылып айтқанын көрген кезде төбеміз көкке екі елі жетпей қалды ғой!!! Мұның бәрі Димаштың арқасы.
 
Олардың Димашқа деген құрметі. Олардың арасында Қазақстанның атын ғана білетіндер мен тіпті атын да естімегендер де бар шығар еді-ау. Енді білмегендер біліп алды. Бұрын Қазақстанның атын естімегендер де, естігенімен еліміз туралы білмейтіндер де, енді көбірек білгісі келетін болады. Димаштың елін көрейік деп, туристік сапармен келетіндер де болады. Келгендері еліне барғанда еліміз туралы айтады. Әлеуметтік желілерге салады.
 
Димаштың осы сапары туралы білмей қалғандар солар арқылы білетін болады. Олардың арасында елімізге туристік сапармен келетіндері де болады. Елімізді бұлар арқылы білетіндер де табылады. Өстіп -өстіп еліміз әлемге танылған үстіне таныла береді. Елімізді әлемге Димаштай танытқан ешкім болған емес.
 
Димашты халықтың қаншалықты жақсы көретіне, құрметтейтініне бүкіл әлем куә болды. Димаштың Нью-Иорктегі де, Мехикодағы да концерттеріне шетелдерден адамдар келді. Димаш Нью-Иоркте де, Мехикода да сахнада ән айтайын деп жатқан кезде, бүкіл аудитория тік тұрып, қошаметтеп шулап, біраз уақыт ән айтуына мұрша бермей тұрып алды ғой.
 
Ән айтқан кезінде қосыла ән айтып тұрды. Димаш қазақтың бағына туған бала ғой. Бағымызды бағалай білейік ағайын!"деп жазды Бақыт Шабдан
Барлық жаңалықтар