ЭКСПО - 2017 іс-шарасына бөлінген ақшаны жымқырды деген айыппен сотталған Талғат Ермегияевтің ұлы Мәди үндеу жариялады. Осы үндеуге қатысты қоғам белсендісі Төртуыл Шоқан тағы бір мәселені көптің талқысына ұсынды деп жазады Democrat.kz.
"Халыққа үндеу жасап, әкесі Талғат Ермегияев ісін қайта қаралуына Президенттен пәрмен сұрап отырған Мәди Ермегияев, Талғаттың ұлы. ЭКСПО-2017 ісіне алғаш бөлінген 50 млрд теңгенің 18 млр-дын Назарбаевтың адамдары алып кеткенін өз аузынан естігенмін, оны әлемжеліге жаздым да. "Ақшаны алақаппен әкеткен" Нұрсұлтанның 1976 жылғы қайын ағасы Айдос Есполов екенін куәгерлер айтса да, оның есімі қылмыстық істе жоқ. Талғаттың кінәлі екенін "дәлелдеп берген" жалғыз куәгер—жындыхана пациенті Урал Ибалдинованы Қожамжаровтың "антикоры" уақытша учеттан шығарып, "конспиративный квартирада" ұстап, іс біткеннен кейін жындыхана учетына қайта қойған. Осы әйелді солар әуелі "пара беру" фактісімен құрықтап, кейін Талғатқа қарсы куәлік етуге пайдаланған. Соңында бұл әйелді пара беру фактісімен ашылған сот шешімімен 7 жыл "условный срок" берген. Ulusmedia сайтына берген сұқбатында Мұрат Құсаинов жағдайдың бәрін ашық айтты, көрдіңіздер. Кейін парламенттен депутат Ермұрат Бапи аға Бас Прокуратураға "ЭКСПО 2017" қ. ісін қайта қарауды өтініп, сауал жолдаған. Өзіне кесілген 14 жылдың 10 жылын түрмеде өткізіп отырған Талғат Ермегияев ақталуға тиіс. Басында "кешірім сұрап, айыпты мойында. Ақшаны алдым десең, шығармыз" дегенге ол көнбеді. Әкесі барып Назарбаевтан кешірім сұрамақ болғанда да қарсы болды, өзара ренжісіп тынған. Талғатқа бір барғанымда Назарбаевтың өзіне хат жазғанын, онда "Артық қимыл жасамай-қой әзір, сот біткесін 6 айда апелляцияда ақтатып жіберемін. Қазір ыңғайы келмейді, өйткені, менің маңайым түсінбей қалады.. " деген сөздер жазылған-ды. Адам жіберіп "аузыңа келгенді айтсаң, зардапты жалғыз шекпейсің.. " деген де болуы мүмкін. Талғаттың сотта "соңғы сөзімде бәрін айтамын.. " деп айтпай қалғанын неге жоруға болады енді?" деп жазды Төртуыл ШОҚАН. Фото интернеттен.