Жібек жолы арнасынан таяуда “Тұлға теориясында” - Меруерт Өтекешовамен келелі сұхбат көрерменге ұсынылмақ деп жазады Democrat.kz.
Бұл туралы журналист Айнұр Омар парақшасында хабарлады.
"Сұқбат барысында Меруерт Қаратайқызы жан жарын Құман аға деп бірнеше рет айтты. Неге аға дейсіз деп сұрадым мен.
Біріншіден жасы үлкен, екіншіден біздің сыйластық солай қалыптасты, дейді актриса. Құман Тастанбековтің архивін шаң жуытпай жинап отыр, естеліктері де бір төбе.
Ұстамды жан ғой, көмейіне келіп қалған өксігін мөп-мөлдір көз жасына айналдырды… ал іркіліп қалған көз жасы әдемі көздерінде тұна қалды.
Тура Қыз Жібектегі көз, даусында сол діріл. Өкініштісі, бұл кино емес, өткен күндеріне деген сағынышы"деп жазды журналист.