Қытай елі ең сұмдық заңды қабылдады

Қытай елі ең сұмдық заңды қабылдады
Көршіміз Қытайда әлеуметтік желіні қолдануға қатысты сұмдық заң қабылдады деп жазады Democrat.kz.
 
Бұл туралы танымал журналист Нұрбек Бекбау: 
"Енді Қытайда әлеуметтік желілерде заң, қаржы, медицина, білім және ғылым туралы контент жасайтын блогерлер сол салада кәсіби білімі бар екенін ресми құжатпен дәлелдеуге міндетті.
 
Дәлелдей алмаса — аккаунт бұғатталады немесе 14 мың доллар көлемінде айыппұл салынады.
Неге бұлай?
 
Себебі соңғы жылдары “сарапшы” атанып жүргендердің көбі өздері түсінбейтін тақырыпта сөйлеп, халықтың пікіріне, шешіміне, тіпті өміріне әсер етіп жүр.
 
Ақпарат тасқыны күшейген заманда кәсіби білім мен жеке пікірдің шекарасы өшіп барады.
Біреу “дәрігер емеспін, бірақ…” деп бастап, миллиондаған адамды адастырады.
 
Біреу “экономист емеспін, бірақ…” деп, елдің сенімін шайқалтады.
 
Сондықтан Қытай билігі енді “пікір айтқың келсе — соған лайық бол” деген қағиданы заң деңгейіне көтерді"деп жазды
Барлық жаңалықтар