Қытайлық ірі компания Қазақстанда картоп фри шығаратын зауыт салмақ

Қытайлық ірі компания Қазақстанда картоп фри шығаратын зауыт салмақ

Қытайдың ірі картоп өндірушілерінің бірі Қазақстанда құны 100–200 млн доллар болатын өңдеу кешенін салуға дайындалып жатыр. Жаңа кәсіпорын жылына 100–200 мың тонна картоп өңдеп, соның ішінде картоп фри өндіруге бағытталмақ, деп жазады Democrat.kz.

Астана халықаралық қаржы орталығында SnowValley Food Kazakhstan Group Holdings Ltd компаниясы тіркелді.

Оның акционері — қытайлық Snow Valley тобының өндірістік бөлімшесі Xuechuan Liupanshan Food.

Компания бұған дейін Павлодар облысының әкімдігімен картопты терең өңдеу кешенін салу жөнінде келісімге келген. 

Жобаның өндірістік қуаты жылына 100–200 мың тонна шикізат болады деп жоспарланған.

Кәсіпорынның негізгі өнімдерінің бірі мұздатылған картоп фри болуы мүмкін.

Инвестиция көлемі 100–200 млн доллар шамасында бағаланып отыр.

Snow Valley Agricultural Group 2007 жылы Қытайда құрылған және картоп өндірісі мен өңдеуге маманданған. Топтың өндірістік кәсіпорындары жылына 800 мың тоннаға дейін шикізат өңдей алады. 

Барлық жаңалықтар