"Санасыз": Уәлибек Әбдірайымов әнші Қайрат Нұртасқа қатты ренжігенін айтты

"Санасыз": Уәлибек Әбдірайымов әнші Қайрат Нұртасқа қатты ренжігенін айтты

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында танымал актер, "Шаншар" театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов әнші Қайрат Нұртасқа неге ренжігенін айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Уәлибек Әбдірайымовтың айтуынша, әнші Қайрат Нұртас бірнеше рет шақыртқан жерлерге бармай, Уәкеңнің көңілін әбден қалдырған көрінеді. 

"Шаншар" театрының мерейтойлық концертіне біздің сахна арқылы танылған әншілердің бәрін шақыруды жоспарладық. Заттыбек, Сәкен Майғазиев сынды танымал өнер жұлдыздарының бәрі келетін болып, уәде берді.

"Шаншардың" сахнасында ән айтып танылған Қайрат Нұртасты да шақырмақ болып, әкесі Нұртасқа өзім хабарластым. Алты ай бұрын хабарластым. Желтоқсанда концерттің күні жақындағанда, анасы хабарласып, Қайраттың басқа жоспарлары барын айтты. 

Мен ешқашан оған тойыма шақырып, өтініш айтқан емеспін. Онңы келуге уақыты да жоқ, мен ол үшін абыройымды да төкпеймін. 

Алайда "Шаншардың" күміс тойына келмегеніне қатты ашуланып, жаныма адамдарды ертіп алып, "әйел билеген заманның зардабы" туралы айтып келмек болдым.

Әйтсе де, жанымдағы Жүсіп пен басқалары "соны барып айтқанда, бірдеңе өзгере ме?"деп тоқтатты.

Санасызға сан рет айтсаң да, болмас. Не істеймін деп қоя салдым", деген Уәлибек Әбдірайымов дәл осындай жағдайдың ЭКСПО көрмесін ұйымдастыру барысында да орын алғанын айтып, ренішін жеткізді. 

Барлық жаңалықтар