Семейдің жылу желілеріне жауапты шенеунік жазаланады

Семейдің жылу желілеріне жауапты шенеунік жазаланады

Үкімет басшысы Семей қаласының жылу желілерін жылыту маусымына уақытында дайындай алмағаны үшін Абай облысы әкімінің жауапты орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды, деп жазады Democrat.kz.

6 қазанда Үкімет отырысында елдегі жылыту маусымының басталуы талқыланды.

Премьер-министр Олжас Бектенов бұған дейін өңірлерге барлық жылу көздері мен желілерін 1 қазанға дейін толық дайындауды тапсырғанын еске салды.

Үкімет басшысының айтуынша, бұл тапсырманы барлық өңір уақытында орындаған, тек Абай облысында мәселе туындаған. 

Семейдің жылу желілерін дайындауда тиісті үйлестіру болмаған және жұмыс белгіленген мерзімде аяқталмаған.

Осыған байланысты Бектенов саланы қадағалайтын облыс әкімінің орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Семейде жылу жүйесінің тозуы бұған дейін де бірнеше рет көтерілген мәселе. Сондықтан Үкімет қысқы кезеңде жылумен қамту жүйесінің тұрақтылығын ерекше бақылауда ұстауды талап етті.

Барлық жаңалықтар