Шетелге оқуға жіберетін агенттіктерді арнайы тексеріп, аккредиттеу ұсынылды

Шетелге оқуға жіберетін агенттіктерді арнайы тексеріп, аккредиттеу ұсынылды

Қазақстанда балалар мен жастарды шетелге оқуға, тағылымдамаға және алмасу бағдарламаларына жіберетін туристік және білім беру агенттіктерін міндетті аккредиттеуден өткізу ұсынылды, деп жазады Democrat.kz.

Мұндай ұсынысты Құрылтай депутаты Константин Петров көтерді.

Депутаттың пікірінше, шетелдегі тағылымдама, білім алу және халықаралық алмасу бағдарламаларын ұйымдастыратын компанияларға бірыңғай талап енгізу қажет.

Ұсыныс бойынша мұндай агенттіктер міндетті аккредиттеуден өтіп, шетелдегі ресми танылған қабылдаушы ұйымдармен тікелей келісімшарт жасасуға тиіс болуы мүмкін.

Мұндай талаптың мақсаты – шетелге кеткен қазақстандық азаматтардың, соның ішінде студенттер мен жастардың қауіпсіздігін күшейту және делдал компаниялардың жауапкершілігін нақтылау.

Сонымен қатар агенттіктердің шетелдік серіктестерін алдын ала тексеру, бағдарламаның заңдылығын растау және азаматқа ұсынылатын шарттар туралы толық ақпарат беру тәртібін белгілеу ұсынылып отыр.

Әзірге бұл – депутаттық ұсыныс. Міндетті аккредиттеу туралы жаңа талап күшіне енген жоқ.

Барлық жаңалықтар