"Сүйіспеншілігімді таптамаңдар!" Деген "Очоу" мәлімдеме жасады

"Сүйіспеншілігімді таптамаңдар!" Деген "Очоу" мәлімдеме жасады

Танымал актер Олжас Абай әріптесі Дариға Бадықованың отбасын бұздың дегендерге жауап берді деп жазады Democrat.kz.

“Бір семьяны неге бұзасың деген жандарға” айтарым. Оу ағайын! өмірге реніші барлар, жаман сөз жазып мені жерден алып жатқандарың орынды емес.

Осы уақытқа дейін мен түскен киноларды көріп, маладес деп қошамет соғып енді аяқ асты бір бір жақты ойланатын адамның “қызғанышына” сеніп менің өнерге деген ессіз сүйіспеншілігімді адамға деген шынайы қарым қатынасымды жерге таптамаңдар.

Некедегі әйелге ажырамай жатып көз салатын мен не басында миы жоқ ессіз есалаң дейсіңдерме. Аңдамай сөйлген деген бар қазақта. Басымнан біреудің фантазиясын асырып отыра алмайды екем.

Әр нәрсенің соңы болады. Ешкім жауапсыз қалмайды. Ол адамның “жан жағын кінәләп берген” сұхбаты адам алдында да, ар мен заң алдында да жауабы болады.

15 жылда 25 тен аса кинотуындыға түсіп, рекорд жасап, халықтың милионның қошаметіне бөленіп Дариғадай мінезді мықты актрисамен партнер болып жұмыс жасап жетістікке қол созған мен - дәп сол жерден қателесіп қалмайтын шығармын.

Басымды бала күннен тік көтеріп жүргем, ары қарай да жүре берем" деп жазды Олжас Абай.

Барлық жаңалықтар