Тамара Асардың ұлын жоқтауы елдің сай-сүйегін сырқыратты

Тамара Асардың ұлын жоқтауы елдің сай-сүйегін сырқыратты

Әнші Тамар Асар таяуда қайтыс болған ұлына арнап, жоқтау айтып, елдің сай-сүйегін сырқыратты деп жазады Democrat.kz.

"Өндірдей болған өренім
Бауырыма басқан “БӨЛЕГІМ”
Құлағыңа сенің жетті ме,
Қапыда шыққан өлеңім…

Жұртшылық келдің жиылып,
Жұбатып жаттың қиылып.
Жұмаштың парлап көз жасы
Жүрегіме толды-ау құйылып.

Әлішер кеттің шалғайға,
Сен қайда бүгін, мен қайда?
Торқадай болып топырағың,
Иманың жолдас болғай да

Дұғада күнде отырмын
Талай да әлі оқырмын.
Қаңқу сөз “ӨГЕЙ” десе де
Қайырын сұрап отырмын

Ардақты АҒАЙЫН!!!
Қиындықта қасымызда болып,алыстан-жақыннан көңіл айтып,қиындық бөліскен әрбір жанға бас иіп,рахметімізді айтамыз
Алланың ісіне шара жоқ,артының қайырын сұраймыз
Құдайдан үмітіміз бар
Жақсы күндер көп болсын
Жастар аман болсын
ДҰҒАДАМЫЗ…"деп жазды әнші парақшасында. 

Барлық жаңалықтар