Тоқаев Көшпенділер ойындарында топ жарған Қазақстан құрамасын құттықтады

Тоқаев Көшпенділер ойындарында топ жарған Қазақстан құрамасын құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсеткен Қазақстан ұлттық құрамасын құттықтады, деп жазады Democrat.kz.

Мемлекет басшысының құттықтауы туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық спортшылардың жоғары нәтижеге табандылық, жанқиярлық еңбек пен мұқалмас ерік-жігердің арқасында қол жеткізгенін атап өтті.

Президент жарыста ел намысын қорғаған чемпиондар мен жүлдегерлерге, сондай-ақ бапкерлер құрамына және спортшылардың дайындығына атсалысқан мамандарға ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай жетістіктер Қазақстанның ұлттық спорт түрлері дамыған ел ретіндегі халықаралық беделін арттыра түседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында қазақстандық спортшыларға алдағы уақытта да беделді халықаралық жарыстарда биік белестерді бағындыра беруді тіледі.

Барлық жаңалықтар