Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды.
Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті.
Сондай-ақ Си Цзиньпиннің борты Қазақстан шекарасына кіргеннен бастап, сыйлы қонақтың ұшағын Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді.
Фото: Ақорда
"Елорда әуежайының терминалында Төраға Си Цзиньпинге балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды. Содан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді", – делінген Ақорда хабарламасында.
Фото: Ақорда