Ескі қалалық зираттың күзетшілері бақылау камераларындағы жазбаларды қарау кезінде бейіттің бірінде біртүрлі әрекетпен жүрген бейнені көріп, таңғалған деп жазады Democrat.kz.
Бақылау камерасында түнгі сағат екіден өте зират ішіндегі бос алаңда көлбеңдеген түсініксіз бейне пайда болған. Экранға анықтай қарағанда, әлгі бейненің ақ көйлек киген кішкентай қыз екенін анық байқалады.
Бейне жазбада ақ көйлек киген қыз көрінбейтін адаммен жасырынбақ ойнағандай ескі қабірдің айналасында баяу жүреді.
Елес бейненің жүрісі тірі адамның қадам басуына ұқсамайды. Бейне бір жердің үстіне табаны тимей, ұшып жүргендей.
Камераның қарсысына шыққанда, елес қыз ауада еріп кеткендей әсер береді.
Бейіт басын айнала кезген ақ көйлекті қыздың елесі жүрген жерлерді күндіз барып қараған күзетшілер ешқандай да із таппаған.
Осы жердің байырғы тұрғындары бұл елес қыздың жүз жыл бұрын жерленген көпестің қызының рухы екенін айтады. Ай толған сайын ақ көйлекті елес қыз ата-анасын іздеп, бейітті осылай кезетін көрінеді.
Әйтсе де, әлеуметтік желіде тараған бұл ақпаратқа қатысты жұрт "ЖИ көмегімен жасалған", "монтаж", "мүмкін емес", "рухтар әлемі бар, сенемін", "жаны жай таппаған рухтар осылай кезеді" деген түрлі пікір білдіруде.