Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жалаңаш денесін жартылай көрсетті

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жалаңаш денесін жартылай көрсетті

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова тағы бір видео жариялап, жұрттан оңбай сөз естіді деп жазады Democrat.kz.

Бұл жолы әнші және актриса Мөлдір Мұқанова біртүрлі қылықпен видео жариялады. 

Үстіне киген халатпен теріс қарап тұрып, қолындағы гүлді иіскеп, сосын халатын иығынан түсіріп, ақырын шешеді. 

Мөлдірдің жалаңаш тәнінің біраз бөлігі көрініп қалды. Әйтсе де, ол бірден халатын иығына жаба қояды. Мөлдір Мұқанованың мына әрекетін жұрт түсінбей дал болды. 

"Тұрсынбек осындай тірлігін біліп, тастап кеткен екен ғой", "енді мұнысы тіпті ерсі", "не істерін білмей қуып жүр" дегенге саятын пікір жазғандар Мөлдірдің бұл видеосын "ұят" деп бағалады. 

Барлық жаңалықтар