Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы:"Ө-нің көкесін көрсетемін"

Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы:"Ө-нің көкесін көрсетемін"

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы атанған Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында тағы жұрттан сөз естіп, ашуға мінді деп жазады Democrat.kz.

Айман Талғатқызы желідегі парақшасында той көйлегімен түскен суреттерін жүктеген.

Айтуынша ол көйлек таңдауға арнайы салонға келген.

Оқырмандар жақында той екендігін айтып, түрлі болжам жасауда.

"Мәссаған, жақында той ма?", "3 баладан кейін қалай болар екен?", "Жай ма сіздікі?", - деп жазды көпшілік.

Мұнан бөлек, "Мөлдір той жасаймын деп еді, бұл тағы шықты жарысып", "Мөлдірге жету қайда саған" деген сыни сөздерге қатысты Айман Талғатқызы үнсіз қала алмады. 

"Бүгін сіздерге не дайындалып жатқанымен бөлісемін. Ө- нің көкесі сол жерде. Ақ неке көйлегімді көрсетейін бе? 12 жыл бұрын киген. ХС размер. Сыйлап жіберуім де мүмкін. Кейде ойлаймын. Мен адамды күштеп, байлап ұстайды деп бір жерден естігенсіздер-ау?"деп жазып, суреттер бөлісті. 

Барлық жаңалықтар