"Үстеліңе т...уы керек": "Супер тамаданың" ұстазы мәлімдеме жасады

"Үстеліңе т...уы керек": "Супер тамаданың" ұстазы мәлімдеме жасады

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде әрекеттері мен сөздері қызу талқыға түсіп жатқан "Супер тамада" Сабыржанның ұстазы шәкіртінің тірліктеріне қатысты пікір білдіріп, мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

"Супер тамаданың" ұстазы асаба Нұрхан кезінде Сабыржанның тамада болуына өзінің ықпалы болғанын айтып, қазіргі жұртты шулатып жатқан мәселеге қатысты пікір білдірді. 

"Иә, Сабыржан ең алғаш менің жанымда жүріп, асабалықты үйренді. Елге мықты асаба деген атымен танылды. Қазір сол Сабыржан туралы қоғамда қызу пікірталас жүріп жатыр. Сабыржанның тойдағы әрекеттері мен сөздерін сынап жатыр. 

Сабыржанды тойына 1,5 млн теңге беріп шақыратындар тойдың алдында не істеу, не істемеу керегін ескертуі керек. Ал ескертпеген жағдайда Сабыржан да тойда білгенін істейді. Қонақтарын өзі сыйламаған той иесінің тойында Сабыржан үстелдің үстінде вейп шегу былай тұрсын, ондай үсталге т...ып кетсе де болады.

Себебі, асабаның әрбір әрекетіне той иесі жауапты", - дейді Нұрхан. 

Ұстазы Сабыржанның әрекеті дұрыс емес екенін айтады. Егер 1,5 миллион теңгені ағайынға көмек сұрап келгенде бере алмайтын адамдарға төрт-бес сағатта қонақтарын мазап қылатын тамадаға беріп жатса, ондай адамдардың тойында столға жатпақ түгіл, столға т..са да болатынын, өйткені ол адамдардың өзі сондайға өте лайық адамдар екенін айтады.
 

"Супер тамаданың" ұстазы оның барлық тойда бірдей мазақ болмайтынын, имамның тойында діни сөздер айтса, ақынның тойында ақындық жырлар айтатынын, өйткені ол 15 парақ Құран жаттаған, діннен хабары бар жігіт екенін, бірақ онда ешқандай «принцип» жоқ екенін айтып ойын қорытындылады. 

Барлық жаңалықтар