Зейнетақы жинағын сақтандыру компаниясына аудару 7 күнге дейін қысқарады

Зейнетақы жинағын сақтандыру компаниясына аудару 7 күнге дейін қысқарады

Қазақстанда зейнетақы аннуитетін рәсімдеу жеңілдетіліп, БЖЗҚ-дағы жинақты сақтандыру компаниясына аудару мерзімі жеті жұмыс күніне дейін қысқарады. Жаңа тәртіп 16 қазанда күшіне енеді, деп жазады Democrat.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі зейнетақы аннуитеті шарттарын рәсімдеу тәртібіне өзгеріс енгізді.

Енді көптеген операция цифрлық форматта жүргізіледі және азаматтың БЖЗҚ бөлімшесіне жеке бару қажеттілігі азаяды. 

Зейнетақы аннуитеті жеткілікті жинағы бар азаматқа жинақтың бір бөлігін сақтандыру компаниясына аударып, белгіленген жасқа жеткенге дейін тұрақты сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік береді.

Жаңа ереже бойынша ақпараттық жүйелер арасында деректер автоматты түрде алмасады.

Соның нәтижесінде жинақты аудару рәсімі жеті жұмыс күніне дейін жеделдетілмек.

Өзгерістер 16 қазаннан бастап қолданылады.

Барлық жаңалықтар