2026 жылы көлік салығы үшін қазақстандықтарды не күтіп тұр?

2026 жылы көлік салығы үшін қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін кейбір машина үшін мөлшерлеме төмендейді. Жаңа төлемдер қосылады деп жазады Democrat.kz.

2025 жылға арналған көлік салығы бұрынғыдай. Оны келер жылдың 1 сәуіріне дейін төлеу қажет. Келер жылы жаңа Салық кодексі қолданысқа енеді. Нормалар күшіне енген соң төлем қалай құбылатынын Kolesa.kz.төмендегідей қарастырып шығыпты. 

Кімге жеңілдік беріледі?

Салық кодексіндегі ең маңызды өзгерістердің бірі — кейбір көлік құралына арналған мөлшерлеменің төмендеуі. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 11-20 жыл бұрын шыққан автомобиль үшін коэффициент — 0.7, ал 20 жылдан асса 0.5 болады.

2026 жылы АЕК мөлшері 4 325 теңгеге тең.

Мысалы, қозғалтқыш көлемі 2362 текше см болатын 2011 жылғы Toyota Camry 40 үшін иесі 6 АЕК және әрбір артық текше сантиметр үшін 7 теңге, яғни 28 482 емес, 19 937.4 теңге (30 % аз) төлейді.

Налоги для автовладельцев Казахстана с 1 января 2026 года

Дәл осындай моторы бар, 2005 жылғы Camry 30-дың иесі 28 482 орнына 14 241 теңге (50 % аз) жұмсайды.

Салықты есептеген кезде автомобильдің шыққан жылы техникалық паспорттағы мәлімет бойынша анықталады.

Қозғалтқыш көлемі үлкен техникаға салынатын салық мөлшерлемесі өзгереді. Биыл қозғалтқыш көлемі 3 литрден асатын және 2014 жылдың 1 қаңтарынан кейін Қазақстанда алғаш тіркелген барлық машинаға арнайы жоғары тариф қолданылады:

Салық салынатын объект Салық мөлшерлемесі (АЕК)
Қозғалтқыш көлеміне қарай бөлінген жеңіл көліктер (текше см):  
3000-3200 текше см 35
3200-3500 текше см 46
3500-4000 текше см 66
4000-5000 текше см 130
5000 текше см-ден жоғары 200

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа немесе ескі көлік болғанына қарамастан мөлшерлеме төмендейді.

Салық салынатын объект Салық мөлшерлемесі (АЕК)
3000-4000 текше см 15
4000 текше см-ден жоғары 117

Мысалы, қозғалтқыш көлемі 3956 текше см болатын 2022 жылғы Toyota Land Cruiser Prado үшін 66 емес, 15 АЕК және әрбір артық текше сантиметр үшін 7 теңге салық сұралады, яғни 64 875 + 6 692 = 71 567 теңге. Биыл мұндай машина мініп жүргендер 266 204 теңге жұмсайды.

Кім көп төлейді?

1 қаңтардан бастап сән-салтанат салығы қолданысқа енеді. Құны 18 000 АЕК-ке тең (77 850 000 теңге) және одан жоғары жеңіл көлік акциз салынатын тауар қатарына кіреді. Мұндай техникаға автомобиль құнының 10 %-ына тең акциз салынады. Мұны алғаш тіркеген кезде және ел ішінде қайта сатқанда төлеу қажет.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, билік шетелден импортталатын машинаның құнын кеденде рәсімдегенде қолданылатын шот-фактура (инвойс) арқылы, ел ішінде тіркелген және сатылатын автомобильдің бағасын сатып алу-сату келісімшарты арқылы анықтайды.

Жаңа 10 % акцизді мына екі мерзімнің қайсысы жақын болса, сол күннен кешіктірмей төлеу қажет:

  • машина сатып алған айдан кейінгі айдың 20-сына дейін;
  • мемлекеттік тіркеу үшін құжат тапсырған күнге дейін.

Мысалы, 88 млн теңге тұратын жаңа Lexus LX 700h F Sport үшін акциз 8.8 млн теңгені құрайды, ал 200 млн теңгеге сатылатын Porsche 911 GT3 Touring Package үшін 20 млн теңге беру қажет.

Налоги для автовладельцев Казахстана с 1 января 2026 года

Тағы не өзгереді?

Кодексте машина категориясы бойынша градация жеңілдейді. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап олар мынадай болады:

  • жеңіл көлікке В категориясындағы (BE, B1 қосқанда) автомобиль;
  • жүк көлігіне С категориясындағы (CE, C1E, C1 қосқанда) автомобиль;
  • арнайы көлікке белгілі бір технологиялық процесс немесе операция орындайтын арнайы жабдығы бар автомобиль;
  • автобустарға D категориясындағы (DE, D1E, D1 қосқанда) көліктер кіреді.

Салық техпаспорттағы категорияға сәйкес есептеледі. Яғни, борттық «Газель» B категориясына кірсе, иесі 2026 жылғы салықты жеңілдікпен төлейді. Салық органы мен көлік иесі арасында дау болмайды.

Басқа категориялардағы техникаға қатысты жаңалық жоқ. Жүк көлігі иелері жүк көтергіштігіне, автобус тізгінтейтіндер орын санына, мототехника жүргізушілері қозғалтқыш қуатына қарай есеп айырысады.

Жеке тұлға жаңа салықты 2027 жылдың 1 сәуіріне дейін, заңды тұлға 5 шілдеге дейін төлеуге тиіс.

Көлік сатқан кезде сұралатын салықты да ұмытпаған жөн. Иесі автомобильді алғанына бір жыл өтпестен қымбатқа сатса, табысының 10 %-ын мемлекетке береді.

Барлық жаңалықтар