Әлеуметтік желіде оқу жылы басталмай жатып, әр жерде басталып кеткен мектеп ішілік "тәртіпке салу" науқанына қатысты оқушының жазған түсініктемесі қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
ТикТок әлеуметтік желісінде мектепте шашын бос жіберіп, жайып жүргені үшін завучтан ескерту алған оқушының жазған түсініктемесі жұрттың есіне ескі оқиғаларды түсірді.
Жазылған түсініктемеде "шашыңды жина" деген завучтың ескертуіне оқушы қыз орысшалап "зб" деген сөзді айтқан. Оқушының айтқан боғауыз сөзін естіп қалған завуч түсініктеме жаздырған.
Оқушының түсініктемесін оқыған жұрт өздерінің бастарынан өткен оқиғаларын айтуда. Кезінде завуч болып, оқушылардан боқтау естігендерін, енді бірі мұғалімдердің дөрекі әрекеттерін айтып, мектеп ішіндегі оқиғаларын ортаға салуда.
