Марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің қызы Құралай әнші Мақпал Жүнісоваға қатысты пікірін білдіріп, не себепті араласпайтынын айтты деп жазады Democrat.kz.
"Мақпал Жүнісовамен мүлде араласпаймын, араласу туралы ойым да жоқ. Неге? Бәлкім бұл менің стратегиялық пайымым шығар, әкем өлгенге дейін араласпадым.
Әкем өлген соң да араласпадым. Себебі, егер әкемнің оған деген махаббаты, керісінше оның әкеме деген сезімі керемет, шынайы болғанда, адал болғанда, бәлкім мен өзім оған барар едім.
Алайда жұрт та көріп, біліп отыр ғой, ненің не екенін..."деген Құралай Нұрқаділова ағынан жарылды.
Құралайдың бұл сөзіне қатысты "әкеі басқа әйелге кеткен кез келген баланың айтатын сөз осылай болады", "Құралай әрқашан шындықты сөйлейді", "Мақпал керемет әнші, керемет әйел, арадағы араздықты тоқтату керек қой" дегенге саятын пікір жазуда жұрт.
Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.