«Үркер» тобының солисі тыңдарман тарапынан айтылатын жағымсыз пікірге қатысты өз ойын білдірді, деп жазады Democrat.kz.
«Танымал адамдарға, оның ішінде маған да қарасты «қартайып кетіпті» деп жатады. Бұл біріншіден, жағымсыз естіледі. Екіншіден, жасқа байланысты өзгерістер қалыпты жағдай.
Мен сендерге қорқынышты құпияны ашайын, біз туылғаннан бастап қартайамыз. Көптің алдында жүрген адамның организмі ерекше емес.
Әлде Киркоров сияқты ботокс салдыртып, қартаймайтын жігіттің бейнесін жасап алуым керек пе. Жоқ. Маған осы жасым ұнайды әрі өзімді жайлы сезінемін», – деп ешкімнің кәріліктен құтыла алмайтынын ескертті.