Танымал діндар Мұхамеджан Тазабек еркек пен әйел арасындағы байланыс туралы айтып, еркектерге ескертуін жасады деп жазады Democrat.kz.
"Не үшін әйелі қайтыс болған еркектің көбісі жүнжіп кетеді? Себебі еркектің өміріндегі оның күтімінің көбі әйелімен байланысты. Соны кеш түсінеді.
Ондай еркектің жағдайын келіні де жасай алмайды. Ондай еркектің жағдайын ақшасын төлеген қызметші де жасай алмайды.
Еркекке қартайған, денсаулығы нашарлап, жүруі қиындаған кезде үлкен сынақ келеді. Егер әйелімен арасы жақсы, өмірлік серігі адал болса, жақсы.
Қартайғанша, әйел, балаларыңның алдында абыройы бар, аралары жақсы болса, еркектің соңы жақсы аяқталады.
Өміріміздің соңы жақсы аяқталсын десек, сол өміріңді бірге аяқтайтын әйеліңмен араң жақсы болсын", деген діндар еркектің қартайғанда күні әйеліне түсетінін ескертті.