"Әйелі көз жұмғанда, менің аяғым ауыр еді": Ғабит Мүсірепов пен Раиса туралы сұмдық естелік

"Әйелі көз жұмғанда, менің аяғым ауыр еді": Ғабит Мүсірепов пен Раиса туралы сұмдық естелік

Әлеуметтік желіде танымал жазушы Ғабит Мүсіреповтің естелігі жарияланып, елді елең еткізер бір сауал қойылыпты деп жазады Democrat.kz.

"Аман­сың ба, қымбаттым, аяулым, жалғызым, Раечка! Дәл осы сәтте сені құшақтап, аймалағым келіп кетті. Бізді Африкаға жіберуге дайындауда.

 Мұнда жұмыс көп, баратын елдің мәдениетімен, әдебиетімен танысудамыз. Осы хатты самолетке үлгерейін деп мәжі­ліс­ арасындағы жазып отырмын. Ғабитің.
(Ғ.Мүсіреповтің жары Раисаға хатынан)

“Оның жары көз жұмған кезде аяғым ауыр еді. Әлі күнге дейін өзімді кінәлі сезінемін (сол үшін). Мүмкін, ол кісінің өмірден мезгілінен бұрын кетуіне түрткі болған шығармын.

Жарын жерлеген соң Ғабекең: “Рая, не істейміз енді?” деп сұрады, мен біраз уақыт өтуі керегін, бірақ көп күте алмайтынымды айттым. Себебі баламыздың некеде туғанын қаладым”, - депті актриса. 

Ғабит ағамыз актрисаның киноға түскенін онша қаламапты. “Сұлтан Қожықовпен бірге “Қыз Жібектің” сценариін жазатын болдық”, - деді бірде маған. “Мен түсемін бе?” деп сұрап едім, “Түсесің”, - деді.

Актерлік сынамаға шақыратын күнді күтіп жүрдім. Артынша сынаманың бітіп қалғанын естіп, жан дүниемде іштей дискомфорт пайда болды. Сыртымнан сатып кеткендей сезім болды. Осыдан кейін арамыз жылымады”, - дейді актриса. 

Бес жыл бойы үйде отырып, бала тәрбиесімен айналысқан актриса енді шыдай алмайтынын түсініп, жұмысқа шығуға бел буыпты. Жазушының қарсылығына қарамастан, ол жасөспірімдер театрына жұмысқа орналасады.

Дәл сол кезде екеуінің арасына от салғыштар көп болыпты. Тіпті “60 жаста балалы болу мүмкін емес” деп, жасы келіп қалған кісінің жүрегіне күдік ұялатқан күңкілшілдер де кездесіпті.

Жас келіншек өзін ақтауға тырысқанымен, жасаған әрекетінің бәрі бос кетіпті. Сонда “махаббаттың жалыны сөнді, бәрін жасырып жақсы кейіп жасамай-ақ қояйық. Енді екіжүздене алмаспын”, - деген екен Рая апамыз Ғабекеңе. 

Актриса махаббаттың осы оқиғасынан кейін ешкімді сүйе алмағанын айтады. Барлық ойы - екі қызын өсіріп жеткізу болыпты. Ағамыз болса, ажырасқаннан соң қарапайым машинист қызға үйленіпті.

“Ол біраз уақыт өткеннен кейін де келіп кетіп жүрді (бізге). “Рая, енді ораламын сендерге” деген сөзін күткенім рас. Бірақ ол ештеңе айтпады, мен де үндемедім. Екеуміз де менмен едік қой”, - дейді актриса.

(Tengrinews.kz-тен ықшамдалып алынды)

Бұл естелікті өз парақшасында продюсер Серік Аббас Шах жариялады. Продюсердің бір оқырманы "сол екі қыздың қазіргі тағдыры қандай екен?"деп сұрақ қойыпты. 

Расымен де, ұлы адамнан туған екі қыз қазір қайда, не істеп жүр екен?

Барлық жаңалықтар