Алматы–Ташкент пойызында ер адамдар кірмейтін жеке вагон іске қосылды

Алматы–Ташкент пойызында ер адамдар кірмейтін жеке вагон іске қосылды

1 қазаннан бастап Алматы–Ташкент халықаралық пойызында алғаш рет әйелдерге арналған жеке вагон қатынай бастады. Осылайша Қазақстандағы «Әйелдер вагоны» қызметі алғаш рет халықаралық бағытқа шықты, деп жазады Democrat.kz.

Жеке вагон күн сайын қатынайтын №1/2 Алматы–Ташкент пойызының құрамына енгізілді.

Ондағы билеттер тек әйелдерге сатылады. Әйел жолаушымен бірге жеті жасқа дейінгі ұл балалар да бара алады.

Вагонда жолсерік қызметін де тек әйелдер атқарады.

Билет сатып алған кезде арнайы вагон «ЖН» белгісімен көрсетіледі.

Алматыдан пойыз сағат 19:05-те шығып, Ташкентке келесі күні 12:53-те жетеді. Кері бағытта Ташкенттен 14:41-де шығып, Алматыға 08:51-де келеді.

Жаңа бағыт іске қосылғаннан кейін мұндай қызмет көрсетілетін маршруттардың саны 14-ке жетті.

Ұлттық тасымалдаушының мәліметінше, әйелдерге арналған вагон қызметін іске қосқаннан бері оны 946 мыңнан астам жолаушы пайдаланған. 

Барлық жаңалықтар