Әлеуметтік желіде Жансұлу атымен тіркелген апамыз бірнеше уақыттан бері арнайы видео түсіріп, Қазақстан-Өзбекстан президенттеріне үндеу жасап, дабыл қағуда деп жазады Democrat.kz.
Жансұлу апаның айтуынша, былтыр ақпан айында Қазақстаннан арнайы сыйлықтар алып, Өзбекстанның Қарақалпақ еліндегі қызына сәлемдеме жіберген.
"Қызыма Қазақстаннан арнайы сыйлықтар алып, пакетке салып, кедендегі жігіттерден беріп жібердім. Пакеттің ішінде қымбат тон, түрлі маталар, ойыншықтар болды.
Кедендегі Махмұт деген жігіттен қызымның үйленген баласының тойына киіт жасап, күміс сақиналар салып беріп жібрдім. Сол пакетімді Махмұт жеткізбеген.
Құрметті Қазақстан президенті Тоқаев, Өзбекстан президенті Мирзиеев мырза, кедендегі мынадай жағдайларға назар аударуларыңызды сұраймын! Әлгі Махмұт дегенді кедендегі жұмысынан шығарып, қайта ол жерге жұмыс алмауды сұраймын!", - деген Жансұлу апа үндеу жасады.
Апаның бұл видеосына қатысты "дұрыс", "кеденде заттарымызды бермей қояды", "осы мәселе шешілсін" деп жатқандар бар. Сондай-ақ "екі елдің президенті басқа жұмыстарын тастап, енді сіздің пакетті іздесін", "не үндеу мынау" деп пікір жазып жатқандар да жоқ емес.