«Ақтөбеден келген қазақтың баласымын»: Азамат Үсімбеков Президент туыстарымен байланыс туралы қауесетке жауап берді

«Ақтөбеден келген қазақтың баласымын»: Азамат Үсімбеков Президент туыстарымен байланыс туралы қауесетке жауап берді
 

«ВД Инжиниринг» компаниясының құрылтайшысы Азамат Үсімбеков өзіне қатысты тараған түрлі әңгімелерге байланысты пікір айтып, Президенттің туыстарымен ешқандай байланысы жоғын мәлімдеді.

Сұхбат барысында кәсіпкерден Мемлекет басшысымен немесе оның отбасы мүшелерімен таныстығы бар-жоғы сұралған. Үсімбеков мұндай ақпараттарды жоққа шығарды.

«Президентті де, оның туыстарын да өмірде көрген емеспін. Олармен ешқандай таныстығым жоқ», – деді кәсіпкер.

Жүргізуші қоғамда тараған айыптаулардың өте резонансты екенін және мұндай мәліметтердің кәсіпкердің беделіне әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Осыған байланысты Азамат Үсімбеков сұхбатқа шығуға не себеп болғанын түсіндірді.

Оның айтуынша, журналист Ботагөз Омарова компанияны 600 миллион теңге қарызы бар деп мәлімдеген, ал кейбір медиа ресурстар компанияны жоғары лауазымды тұлғалардың туыстарымен байланыстырып келген.

«Осы сұрақтардың бәріне жауап беру үшін сұхбат беруге келістім. Мен Ақтөбеден келген қарапайым қазақ жігітімін», – деді Үсімбеков.

Кәсіпкер өзіне қатысты тараған ақпараттардың шындыққа сәйкес келмейтінін айтып, қажет болған жағдайда заң аясында әрекет ететінін жеткізді.

Барлық жаңалықтар