Атыраудағы жоғалған отбасы: Халықаралық іздеу жарияланды

Атыраудағы жоғалған отбасы: Халықаралық іздеу жарияланды

Атырау облысының Жангелдин ауылында бүкіл бір отбасының қазасы мен жоғалуына қатысты тергеу жалғасуда. Мәйіттері табылған ерлі-зайыптының кіші қызына және күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Democrat.kz. облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

 

«Полиция қылмыс жасады деген күдікпен ер адамға және жоғалып кетті деген күдікпен әйел адамға (Ақбаян Мұқанғалиеваға) халықаралық іздеу жариялады»,  деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

30 жастағы Ақбаян — бес баланың анасы. Жақындарының айтуынша, соңғы босануы әйелдің денсаулығына қатты әсер еткен. Күйеуі оны Түркияға емделуге апарған көрінеді. Ал таныстары ол жақта психиатриялық ем қабылдағанын жазады.

Ол Индер ауданындағы жанармай құю бекетіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Барлық жаңалықтар