"Ауыл, колхоз": Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айару 174-баппен жауапқа тартыла ма?

"Ауыл, колхоз": Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айару 174-баппен жауапқа тартыла ма?

Бірнеше күн бұрын хейтерлеріне "ауылдан, колхозсыңдар" деп айтқан әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айаруды әлеуметтік желідегі жұрт жауапқа тарту керек деп өрекпіп жатыр деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, Айару Тұрсынбекқызы өзіне үнемі негатив пікірлер жазатындарды "түсінігі төмен, өмірде қол жеткізген жетістігі жоқ, ауылдан шыққан, колхоздар" деп ренішін білдірген болатын. 

Айарудың осы "ауылдан, колхоз" деген сөздері кей кісілердің ренішін оятып, бірнеше күннен бері Айарудың сөздеріне қатысты әлі пікір жазуда. 

Ашуға мінген кей кісілер "бұл қызды 174 баппен жауапқа тарту керек, ауылдың адамдарын кемсітіп отыр", "тәрбие бермеген ата-анасын да жауапқа тарту керек", "Тұрсынбек жұртқа сахнадан ақыл айтқыш, өз балаларына тәрбие бере алмапты" дегенге саятын пікірлер жазған желі қолданушылар Айаруды жауапқа тарту керегін айтуда. 

Десек те, "бала ғой әлі", "не болды сонша, титтей қызбен алысып", "ауылды кемсіту емес, түсінігі төмен, білімсіз дегісі келген болар", "әлі кішкентай ғой, ақылы кірер" деп басу айтып жатқандар да бар. 

Қалай болғанда да, Тұрсынбек Қабатовтың қызы осылайша бір сөзімен халықты шулатып тастады. Оны заңды жауапқа тарта ма, әлде бұл сөздер де ұмытыла ма, оны уақыт көрсетеді. 

Барлық жаңалықтар