YouTube -дегі MassagetTV арнасына берген сұхбатында блогер Эммануэлла Наурызбаева ең алғаш еркектен көрген қорлығы туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.
"Ең алғаш еркектерден көрген қорлығым есімнен кетпейді...12 жасымда Ақтөбедегі 9 автобуста бөтен еркек артыма тұрып, ұятты нәрсесін шығарып, артыма үйкеп...тірлігін бітірді.
Сол кезде автобуста соны бірнеше адам көрді. Бірақ ешбірі үндемеді. Ешбірі титтей қыз ғой деп мені сол кезде де қорғамады.
Міне, Ақтөбедегі мешітте болған жағдайда да жұрт жапа шеккен мені қорғамай, керісінше кінәлап жатыр. Қаншама қыздарымыздың өмірі осылай қор болып, қаншама қызымыз ажал құшып жатыр емес пе?" деген Эммануэлла көз жасына ерік берді.