Даяшыларды билеткен "Наваттың" басшысының масқарасы шықты

Даяшыларды билеткен "Наваттың" басшысының масқарасы шықты
Алматыдағы «Нават» мейрамханасында даяшыларды қонақтардың алдында билететін үрдіс желіде сынға ұшырады деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Ertenmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

Белгілі журналист әрі блогер Шерхан Абзалұлы мейрамхана басшылығына тікелей үндеу тастап, қызметкерлерді билетуге мәжбүрлеуді тоқтатуға шақырған.

«Қыз-жігіттердің қысылып-қымтырылып тұрғаны жүздерінен анық байқалады. Бұл әрекет мейрамханаға әдемілік те, бедел де әкеліп тұрған жоқ. Оның үстіне орындап жүрген "Қара жорға" биі ұлттық биіміз емес, ал әуендерінің сапасы тіпті сын көтермейді», – дейді журналист.

Желідегі қауым да бұған қолдау білдіруде.

«Даяшы деген биші емес қой, ақша тауып жүрген жастарды неге қинап билетеді?».

«Одан да дәстүрлі ән айтатын шағын ансамбль құрса, әлдеқайда мәдениетті әрі тартымды болар еді».

«Біз сіздерге барғанымызда өзіміз ұялып, ыңғайсыздандық. Жастар сабақтан соң шаршап-шалдығып келеді. Би билеп, қонақ көңілін көтеруге міндетті емес қой. Қаласаңыздар, арнайы бишілерді жалдаңыздар», – деп жазған екен желідегі жұрт.

Дегенмен жазба авторы бұған бола мейрамханаға бойкот жариялау қажет емесін, тек сын айтылып, мәселенің оң шешілгені дұрыс болатынын алға тартқан. Мейрамхана әкімшілігі әзірге ресми жауап бермеді.
 
Барлық жаңалықтар