Қалбатауда ашық аспан астында гала концерт өтті деп жазады Democrat.kz.
Бүгін Қалбатау ауылы ерекше мерекелік көңіл-күйге бөленді. Кешкі уақытта орталық алаңға тұрғындар көптеп жиналып, отбасыларымен бірге ашық аспан астында ұйымдастырылған ірі концерттік бағдарламаны тамашалады.
Сахнада Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Медеу Арынбаев және Kalifarniya өнер көрсетті.
Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі Роза Рымбаеваның сахнаға шығуы болды. Көрермендер өнер иесін зор ықыласпен қарсы алып, оның танымал әндерін бірге шырқады.
Айта кетейік, аталған мәдени концерт Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың қолдауымен ұйымдастырылды.