«Доллар өсе ме?»: экономистер Ұлттық банктің шешімінен кейін теңгенің тағдырын болжады

«Доллар өсе ме?»: экономистер Ұлттық банктің шешімінен кейін теңгенің тағдырын болжады

Базалық мөлшерлеме төмендегеннен кейін қазақстандықтар доллардың күрт қымбаттауынан қауіптене бастады. Алайда экономистер мөлшерлеменің 16,25 пайызға дейін төмендеуі теңгені бірден әлсірететін фактор емес екенін айтады, деп жазады Democrat.kz.

Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешімінен кейін валюта нарығы қайтадан назарға ілікті.

Экономистердің түсіндіруінше, теориялық тұрғыда пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі теңгедегі қаржы құралдарының тартымдылығын азайтып, валютаға сұранысты арттыруы мүмкін. Бірақ Қазақстан жағдайында айырмашылық әзірге айтарлықтай жоғары.

Сарапшылар теңгенің бағамына базалық мөлшерлемеден бөлек мұнай бағасы, Ұлттық қордан валюта сату, импорт көлемі, бюджет шығындары және әлемдік доллар динамикасы әсер ететінін ескертеді.

Сондықтан бір ғана шешімге сүйеніп, доллардың міндетті түрде күрт қымбаттайтынын айтуға негіз жоқ.

6 қыркүйекте Ұлттық банктің ресми бағамы бір доллар үшін 456,23 теңге болды. Демалыс күндері биржалық сауда өтпейтіндіктен, айырбастау пункттеріндегі курс сұраныс пен ұсынысқа қарай ерекшеленеді. 

Барлық жаңалықтар